23.05.2016, 12:37
Оқылды: 29

Әркім өз денсаулығына алдымен өзі жауапты

Akjayik arkim oz densauligina oz     Ақжайық ауданының Тайпақ ауылындағы дәрігерлер көршілес Алмалы ауылынлдағы орта мектепке келіп, оқушылармен дидарласып, денсаулыққа жеке жауапкершілік тақырыпты кеңінен қозғады. Көз дәрігері Мәлика Сәрсенбай, тіс дәрігері Уәлихан Ешимов, хирург - дәрігер Бақытбек Хаджанов, психолог Жанат Рамазанова, осы топты бастап келген невролог Жанат Меңдіғалиқызы ұл-қыздардың денсаулықтарын байқастап, сосын «дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысты.


    Ұлттың баға жетпес байлығы – денсаулықты көздің қарашығындай сақтау туралы баяндалды. Мысалы, тіс саулығы бүкіл ағза амандығы кепілі екені өмірден мысалдармен айтылды. Ұялы телефон, компьютер, басқа да электрондық құралдарды егер талғамсыз, үзіліссіз пайдаланған жағдайда қандай кеселдерге соқтыратыны, дұрыс тамақтанудың аса маңыздылығы, психологиялық тұрақтылықтың тән саулығына зор ықпалы хақында жан-жақты айтылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале