31.08.2015, 19:21
Оқылды: 41

Әріптестерге ой салды

Akjayik suicid   10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне байланысты Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Ақжайық ауданындағы ІІ полиция батальонының жеке құрамымен «Әріптеске ой салу» тақырыбында «Суицид ауруы, шығу белгілері, емдеу жолдары» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шарада аудандық орталық аурухананың психологы Назгүл Дәулетова, психиатр-дәрігері Айман Нұржанова, аталған батальон командирінің орынбасары, полиция майоры Әділбек Жалмұханов ауданда суицидке жол бермеу мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, статистика бойынша елімізде өзіне қол жұмсаған қанша оқиға тіркелгенін айтып, қатысушылармен пікір алмасты. Соңғы 2 жылда қуанышқа қарай, облысымыздағы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында ондай келеңсіз оқиға болған жоқ. Батальонның инспектор-психологы Әсел Әбілхатина аталған кеселдің анықтамасы жайында кеңінен баяндалды. «Суидтік мінез-құлық ерекшеліктері, оның алдын алу жолдары» деген тақырыптағы слайдылар көрсетілді.

Сырласып, бір-біріне әріптестік қолдау көрсетіп, қажет болса, дәрігер, психолог мамандарға жүгінуге кеңес беруде мұндай бас қосулардың маңызды екенін қызметкерлер атап көрсетті.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале