27.10.2015, 12:02
Оқылды: 32

«Әр бала бір жұлдыз...»

Қайырымдылық айлығына орай Ақжайық аудандық білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің мамандары «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!» атты VII шығармашылық фестиваль өткізді.жулдыз

Оған барлық 18 ауылдық округтен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсетуді көздеген шара барысында білім бөлімінің басшысы Мереке Зиналиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебіз айтты. Фестиваль өнерге әркімнің де таласы бар екенін айқын көрсетті.

«Әнімен жүрек тербеткен» аталымы бойынша Ақерке Бекет (Қаршы орта мектебі), «Талшыбықтай майысқан» би аталымымен Назерке Наумет (Мерген орта мектебі),«Шалқар-шабыт» мәнерлеп оқу аталымымен Әнел Сағынғалиева (Алмалы орта мектебі), «Он саусағынан өнер тамған» қолөнер аталымымен Ербол Бақтыгерей (Есенсай орта мектебі) жеңімпаз атанды.

Аталымдар бойынша естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ.

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале