25.10.2016, 10:55
Оқылды: 17

Әсем-ай сыйлықтарын ұсынды

%d3%99%d1%81%d0%b5%d0%bc-%d0%b0%d0%b9-%d1%81%d1%8b%d0%b9%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd-%d2%b1%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d1%8b    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Зеленов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен Переметный ауылында ашылған «Әсем-ай» фитнес залының иесі Әсем Темірбекова бірлесіп, тамаша жарыс ұйымдастырды.


         Жарыс жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортқа деген қызығушылықты арттыру мақсаында өтті. Кермеге тартылу, брусьтағы жаттығуларды орындау және зілтемірді жатып көтеру сияқты спорттың үш түрінен оздырылған сайыс қорытындысында ауыр зілтемірді көтерушілер арасында Расул Төлеуов үздік шықса, кермеге тартылған спортшылар сынында Дәурен Шүйінішқалиев, брусь жаттығуында Исатай Берекетов алдына жан салмады. Жарыс жеңімпаздарына «Әсем-ай» фитнес орталығына бір ай бойына тегін жаттығу жасауға мүмкіндік беретін сертификаттар табысталды. Сондай-ақ облыстық «100 нақты көмек» жобасы аясында  мұқтаж отбасы балаларына жыл бойына фитнес орталық қызметін тегін пайдалануға мүмкіндік беріліді. Мұндай жарыстар енді жие өтіп тұрмақ.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале