29.09.2016, 10:50
Оқылды: 21

Әсем әнмен әрленген кеш

????????????????????????????????????

  «Өнерлі елдің өресі биік» демекші, өнердің мәртебесін қашанда биік қойып, құрмет тұтатын халықпыз. Ерекше дарынды жастайынан өне бойларына дарытып, қабілеттерін шындай білген жандар жақында Музыка күні мерекесін атап өтті.


  Аудандық мәдениет ошағында батысқазақстандық белгілі әнші, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР Президенті «Алтын домбыра» сыйлығының иегері Марат Сарбөпеевтің ұйымдастыруымен дәстүрлі облыстық музыканттар күніне орай егемендігіміздің 25 жылдығы аясында музыканттар фестивалі өткізілген болатын.

  Фестивальге алыстан ат терлетіп Ақтөбе қаласынан «Ақтөбе» ВАА, Орал қаласының «Ключи» ансамбілінің музыканты Николай Петерсков арнайы келсе, шаһарымыздан «Күзет», «Бипл», «Шелковый путь», «Кіші жүз», Ақжайықтан «Арман», Теректіден «Фортуна», Бөрліден «План-Б», Тасқаладан «Тасқала» және жерлестеріміз «Скифы» вокалды аспаптар ансамблдері өнерлерін ортаға салып сынға түсті.

  Алдымен мәдениет үйінің фойесінде өткен конференция барысында сөз алған Марат Маулетұлы өатысушыларды құттықтап, шараның мақсатына тоқталып өтті.

    -Негізінен музыканттар күні ресми түрде бекітілген мереке емес. Осыдан он жыл бұрын облыс көлемінде атап өтейік деген шешімге келіп, содан бері дәстүрлі өткізліп келеді. Әрине барлығы да музанканттардың күшімен. Басты мақсаты жанды дауыста ән айтуды жандандыру. Өнер иелерінің шеберліктерін шыңдау. Мереке жыл сайын түрлі жерлерде атап өтіледі. Өткен жылы фестивальді марқұм, есімі аңызға айналған әнші Батырхан Шөкеновтың құрметіне арнасақ, биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тарту етіп отырмыз. Бір қуанарлығы жылма-жыл қатарымыз толығып келеді,- деді.

  Сонымен сахна шеберлері шайқасында Алдияр Дәулетов «Үздік сүйемелдеуші», Владимир Попов «Үздік вокалист», Гарим Құсайынов «Үздік музыкант», ақжайықтық Мақсот пен Дина Хасановтар «Үздік мэтр», «Күзет» ВАА «Көрермендер көзайымы» аталымдарына ие болса,  тасқалалықтар «Үздік вокалды аспаптар ансамблі» атанып, оралдық «Кіші жүз» ансамблі шараның арнайы жүлдесіне ие боды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

  Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов өңір жұртшылығына, керемет сазды кеш сыйлаған қатысушыларға, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Дана ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале