22.07.2016, 10:34
Оқылды: 55

Әскерилер арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы

мемлекеттіл тіл - менің тілімҚазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оралда Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында  мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ұлты қазақ емес әскери  қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының екінші кезеңі мәреге жетті.


Аталмыш шара өзге ұлт өкілдірінің әскери қызметшілер арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, өзге ұлт өкілдері арасында насихаттау  және оны оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Байқау  үш айналымнан тұрды. «Бастау», «Өрлеу», «Баяндау» сынды сайыс кезеңдерінде қатысушылар өздерін таныстырып, түрлі тақырыптар бойынша мақал-мәтел айтып, көркемсөз оқып, сахналық көріністер қойып, Отан, патриоттық сезім, адамгершілік, отбасы мен бала тәрбиесі сынды өзекті тақырыптарда ойларын баяндады. Тілді  қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті.

мемлекеттік тіл - менің тілімАталмыш сайысқа Ақтөбе, Атырау, Ақтау,  Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан әскери бөлімдерден келген аға лейтенант Станислав Вдовкин, ефрейтор Рамиль Мазитов, кіші сержант Расул Тохтамов,  қатардағы жауынгер Роман Ананьнев, ефрейтор Иномжан Сабиров,  сержант Станислав Котенко  «өнер алды – қызыл тіл» екенін терең түсінетін, тілге деген құрмет, ілтипаттары ерекше жандар екенін бірден аңғартты.

-ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының  тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірәсілдің  айтуынша, өзге ұлт өкілдері аталмыш байқауға қатысу арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне қаныға түседі. Олардың кейбірі домбырамен ән де сала біледі.

мемлекеттіл тіл - менің тілім3Байқау қорытындысында Оралдағы 5517-әскери бөлім  әскери қызметкері,  сержант  Станислав Котенко  жеңімпаз атанып, Астанада өтетін қорытынды кезеңге жолдама алса, 5546-әскери бөлімнен келген ефрейтор Рамиль Мазитов (Атырау) екінші, 6656-әскери бөлімнің кіші сержанты  Расул Тохтамов (Ақтау) үшінші орынды иеленді.

Жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс соңы Орал қалалық жастар мәдени үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале