26.10.2015, 19:04
Оқылды: 25

Әуе допты серік еткен оқушылар сайысы  

 

волейбол оқушы 005Зеленов ауданы орталығында волейболдан мектеп оқушылары арасында аудан біріншілігі өтті. Жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу, волейбол ойынына деген қызығушылықтарын оятуды мақсат еткен жарысқа 9 команда қатысты.

Тартысқа толы болған жас әуедоп шеберлерінің жарысында ІІІ орынды Батурин мектебінің волейболшылары еншілесе, ІІ орын Камен мектебінің оқушыларына бұйырды. Ал І орынды раздольныйлық жас спортшылар қанжығасына байлады.

Сондай-ақ жарыс барысында тамаша ойынымен көзге түскен Ақылбек Талғат «Үздік қорғаушы», Ниязбек Кабулов «Үздік байланыстырушы», Аркадий Стародубец «Үздік шабуылшы» аталымдарын еншілесе, Руслан Әжмұратов «Жарыстың үздік ойыншысына» берілетін сыйлықты иемденді.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаз жүлдегерлерге жарыс ұйымдастырушылары мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарын ұсынды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале