29.09.2015, 15:04
Оқылды: 26

Өзге елде тұрса да, өз тілін ұмытпаған

Kaztalov ozge elde tyrsa da   Шет жерде жүрген қазақтардың туған елге, ата-бабасының кіндік қаны тамған жерге деген құрметі ерекше. Сол қазақтарға қайран қаласың? Қалың орыстың ішінде жүріп өз тілін, дінін, ділін ұмытпаған қандастарымыз Ресейдің түкпір-түкпірінен табылады.

«Ана тілі – әр адамның ажырамас бөлігі». Новоузенск қаласындағы  Қазақ диаспорасының өкілі Гүлнар Ақшонаева осылай дейді. Күнделікті  қарым-қатынаста орысша сөйлейтін оның ана тілі – қазақ тілі. Орыс жерінде  дүниеге келіп, орыс мектебін бітіріп, 50 жасқа дейін орыс ұлты арасында өмір сүрсе де, өз ана тілін ұмытпаған. 

- Қазақстаннан өз қандастырымыз келгенде менің қазақша амандасып, «қош келдіңіз» айтып қарсылағанымда, бәрі таң қалады. -Сіз қазақ тілін қайдан білесіз?-деп сұрайды. Өз ана тілімді қалайша білмейін? Қазақ тілін әке-шешемізден үйрендік. Үйде қазақша сөйлейтінбіз. Менің бір балам бар. Ол да қазақ тілін біледі. Немереме де өз ана тілімді үйретуге тырысып жүрмін. Новоузенск қаласында 50 пайыздан астам тұрғыны қазақтар. Біздер өз салт-дәстүрімізді ұмытпай, әдет-ғұрпымызды сақтауға тырысамыз. Бүгін міне, қаламыздың 180 жылдық мерекесіне орай келген сіздерді көріп, қазақша сөйлесіп,  қуанып отырмын-, дейді Гүлнар апамыз.

Мінеки, өзге елде тұрса да өз ана тілін ұмытпаған қандастарымызды көріп бір жағынан оларға сүйсініп, төбең көкке бір елі жетпей тұрса, ал енді екінші жағынан кейбір өз елімізде ана тілін өзекке тебетін, мұрнын шүйіре қарайтын қаракөздерімізді ойлап, қатты қынжыласың.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале