29.04.2016, 11:22
Оқылды: 23

Өзекті мәселелер пысықталды

Karatobe tabigi ortt      Сәуірдің 28-і күні Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан  әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның  отырысы оздырылды.

     Комиссия отырысының күн тәртібіне сай ағымдағы жылда аудан аумағында табиғи өрттердің алдын алу және оны жою, шомылу маусымына байланысты жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығы, суға шомылуда адам өлімін болдырмау шаралары пысықталды.


     Осы бағыттағы жұмыстардың  қолға алынуы, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Манас Шайхиев баяндап, алда тұрған басты жоспарлы жұмыстарға тоқталды.

     Далалық өрттердің алдын алу, суға шомылу орындарын ұйымдастыру бағытында 2016 жылдың І тоқсанында ауданның Аққозы, Егіндікөл ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар төңірегінде ауыл әкімдері Қоныс Мұқанов пен Абат Зейнуллиннің хабарламалары тыңдалды.

     Өткен жылдарда айтылған сындардан қорытынды шығару, басты мақсат табиғи өрттердің шығуына жол бермеу, өрттің шығу көздері болып саналатын техниканың, шөп шабу науқанына қатыстыралатын агрегаттардың жағдайын қатаң қадағалауға алу,  суға шомылу орындарын пәрменді ұйымдастыру нақтыланып, алда атқарылуғ тиіс жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді.

www.zhaikpress.kz

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале