11.02.2016, 15:25
Оқылды: 26

«Өз үйім» бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері

 

жилстройбанк- «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Өз үйім» деген бағдарлама қабылдағаны белгілі. Осы бағдарлама біздің өңірімізде қашан қолға алынады және оны жүзеге асыру тетіктері қандай болмақ?


- «Өз үйім» бағдарламасы бойынша Астанада мемлекеттік құрылымдармен бірге келістіру жұмыстары жүргізілуде. Әзірге республика бойынша Қызылорда облысында ғана жергілікті бюджеттің мүмкіндіктері пайдаланылуда.

Батыс Қазақстан облысында да жүргізіліп жатқан келісім жұмыстары оңымен шешіліп, бағдарламаны жүзеге асыру қолға алынады деген сенімдеміз.

«Өз үйім» бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекет жеке тұлға және банктің арасында үш тарапты келісім жасалады.

Бағдарламаның басты шарты тұтынушымен келісе отырып жұмыс істеу болып табылады. Яғни тұрғын үй салынатын аумақты таңдау, нысанды зерттеу, сараптау жұмыстары банк салымшыларының дауыс беруі арқылы таңдалып алынады. Таңдалған жерден болашақ пәтерін алуға ниетті салымшылармен ғана банк келісімшарт жасасып, содан кейін ғана үйдің құрылысын жүргізуге кіріседі.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале