10.03.2016, 18:23
Оқылды: 24

Өкпе ауруынан сақтанайық

 Janibek Okpe aurui    Бүгін Жәнібек колледжінде аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаев 24 наурыз – дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орайластырылған айлық шеңберінде студенттермен кездесу өткізді.


       Алдымен, басқарма басшысы аталмыш айлықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, осындай шаралардың арқасында елімізде халықтың туберкулезбен аурушаңдылығы және өлім-жітім саны төмендегені байқалады. Біздің ауданда 2014 жылы туберкулез ауруына шалдыққан 11 адам тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 6 адамды құрап отыр. Нұрлыбек Мұстаев студенттерге бұл аурудың алдын алу үшін дер кезінде медициналық көмекке жүгіну, шылым және алкогольден бас тарту, дұрыс тамақтану аса қажет екендігін айтып өтті. Одан кейінгі кезекте жоғарыда аталған басқарманың жетекші маманы Іңкәр Хасайынова слайд арқылы туберкулез ауруы жайлы жан-жақты мағлұмат беріп өтті. Студенттер тақырыпқа байланысты өздерін толғандыратын сұрақтарына толымды жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале