16.02.2016, 17:04
Оқылды: 15

Өкпе дертінен емделмейсің бе, сотқа жүр!

Akjayik tuberkulez    Туберкулезбен ауырған адамның дәріні уақытылы қабылдамауы немесе өз бетімен дәрі ішуді тоқтатуы жиі кездесетіні мәлім. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №318 "Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі туралы" бұйрығына сәйкес, науқастар бір айдың ішінде дәрі қабылдаудың 7 дозасын үзген жағдайда, сот шешімімен мәжбүрлеп емдеу мекемесіне жолданады.


– Атап айтар болсақ,-деді Ақжайық аудандық туберкулез ауруханасының дәрігер-фтизиатры Балзира Сұлтанова.- 2015 жылы 1 науқас ауданаралық туберкулезге қарсы ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жолданды, қазір 3 науқастың ісі сотта қаралуда.

2015 жылы Ақжайық ауданы бойынша туберкулезбен алғашқы ауырған 19 науқас тіркелсе (2014 жылы – 18 науқас), алғашқы ауырған науқастардың 74%-ы профтексеріспен анықталды (2014 жылы – 66.6%). 2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 160.0-ден 134.7-ге төмендеді, яғни 2014 жылы 62 науқас, ал 2015 жылы 57 науқас белсенді топта тұрды. Былтыр туберкулездің асқынған түрі тіркелген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале