17.08.2015, 20:11
Оқылды: 28

Өлеңтіде спорт алаңы ашылды

олентаСырым ауданы Өлеңті ауылында аумағы 150х100 метрді құрайтын спорт алаңы ашылды. Бұл алаңның құрылысы үшін  жергілікті бюджеттен 2 млн. 200 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын ЖК «Рай» жүргізді.

Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Ардагерлер арасында  шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Спорт күні кәсіби мерекесіне орай  дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде  «Әкем, анам және мен» атты  отбасылық «Толағай» сайысы оздырылды. Жарысқа 5 отбасы қатысып, Жаймановтар отбасы 1, Төлегеновтар отбасы 2, Ғұбайдуллиндер отбасы 3 орыннан көрінді.

улентаСондай-ақ кәсіби мерекеге орай мәдени спорт орталығында ардагерлер арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.  Жарыс қорытындысы бойынша,  Е.Шналиев І, Қ.Сапарғалиев ІІ, А.Дабаров ІІІ орындарды қанжығаға байлады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Қайсар» спорт клубының директоры Б.Ихсанов ақшалай сыйлық және дипломдармен марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале