17.07.2015, 14:17
Оқылды: 21

Өмірімізде ізгілік өркендесін

Akjayik onirimizde orkendesin Ауданының ауылдарында Ораза айт қашанғыдай, береке-бірліктің салтанаты ахуалында, қайырлы істердің қанаттануымен өтті. Аудан орталығы – Чапаевтағы мешітке мейрамға жиналған қалың қауымды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады.

- Раббымыздың разылығын мұрат тұтатын ұлы ғибадат – Ораза мәресіне жетіп қалыпты. Алланың рақымы мен кешіріміне бөлейтін айдағы дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Иншалла, тәуелсіз жас еліміздің аяқ алысы жақсы. Рухани-мәдени ахуал да оңға басуда. Рамазанның барысында талай қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Соның бәрі ынтымағымызды нығайта түскей, ішкі дүниеміз мінсіз таза болғай әманда. Өмірімізде ізгілік өркендесін.

Аудан басшысының осы тілегінен соң Айт намазы оқылып, жамағат бір-біріне игі ниеттерін арнады.

Аудан орталығында, басқа ауылдарда да осы күні Айт құрметіне табысы төмен отбасыларына қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале