8.11.2016, 11:57
Оқылды: 28

«Өмір құндылықтары және отбасылық қарым-қатынастар» тақырыбында семинар өткізілді

Отбасы және отбасылық құндылықтар – әрбір адамның өмірі қаланатын іргетас болып табылады. Тұлғаның%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80-%d2%9b%d2%b1%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%b6%d3%99%d0%bd%d0%b5-%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d2%9b%d0%b0 қалыптасуы отбасында басталады, отбасылық құндылықтар арқылы тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы жүзеге асады. Отбасы және отбасылық құндылықтар бір-бірімен тығыз байланысты. Егер отбасы болмаса, онда отбасылық құндылықтар да өз маңыздылығын жояды. Сенім, махаббат, өзара көмек, құрмет және мейірімділік ХХІ ғасыр адамы үшін де маңызды ұғымдар болып табылады.

БҚО ТЖД Қаратөбе ауданы ТЖБ және №16 ӨСБ қызметкерлерінің қатысуымен «Өмір құндылықтары және отбасылық қарым-қатынастар» тақырыбында Аудандық маслихат аппаратында семинар өткізілді. Семинарға Жастар ресурстық орталығының теолог-маманы Ә.Ә.Жәнібеков, Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің бас маманы В.Ш.Губайдуллина, БҚО ТЖД кадр жұмысы бөлімінің бас маман-психологы А.Қ.Махимова қатысты.

Мақсаты – өмірлік құндылықтардың маңыздылығын, суицидтік әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін, отбасылық қарым-қатынастардың мәнін ашу.

Кадр жұмысы бөлімінің бас маман-психологы А.Махимова семинарды аша отырып,  суицид мәселесіне ҚР  Ішкі істер министрлігі тарапынан көп көңіл бөлініп отырғандығын, жеке-тәрбиелік жұмыстарды жүргізудің маңыздылығын, моральды-психологиялық климаттың зерттелу ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар, суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері,  факторлары қарастырылды, шақырылған қонақтар өз сфералары бойынша өмір құндылықтары мен отбасылық қарым-қатынастар мәселелерін жан-жақты талқылады.

Қызметкерлер, өз тарапынан, әртүрлі сала өкілдеріне сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын  білдірді.

 

А.Қ.  Махимова,

БҚО ТЖД

азаматтық қорғау капитаны 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале