22.05.2015, 11:03
Оқылды: 15

Өндірісі үздіксіз, істері ілкімді мехзауыт

UMZ   Ақ Жайық өңіріндегі байырғы көпсалалы кәсіпорын «Орал механикалық зауыты» ЖШС өндірісті дамытудың өзіндік бағдарламасын жасап, соны іске асырудың арқасында өндіріс орнын жаңартты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-турда осы зауыттың тыныс-тірлігімен  жақынырақ таныстық.

Кәсіпорын мықты әлеуетімен, мамандарының жоғары біліктілігімен жаңа өнім түрлерін шығаруға қабілетті.  Бүгінде құрылыс материалдары мен бұйымдарын, соның ішінде қабырғалық кірпішті, тақтатас түрлерін, жол жиегіне арналған тас түрлерін,  мырышталған қабырғалық, қаптама, төбе жабын материалдары өндіріледі. Пластикалық терезе, бетонды мрамор өндірістері де жолға қойылған.  Соңғы 5-6 жыл көлемінде зауыт мұнайгаз кәсіпшілігі (промысловой) өндірісі мен  бұрғылау құрал-жабдығын жөндеу жұмыстарын, оған қоса олардың қосалқы бөлшектерін шығаруды игерді. Сонымен қатар зауытың бес цехының бірі жөндеу-инструменталды цехы әмбебап жабдықтармен жабдықталған. Заманауи жабдықтардың көмегімен механикалық өңдеу жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде үлкен көлемді бөлшектерді өңдеу жұмыстары атқарылады.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале