14.07.2015, 20:54
Оқылды: 32

Өндіріс қарқынын өсірген

Trubb02    «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсіріп отыр. Компаниядағылар мұндай жетістіктің сыры тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда деп біледі.  

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС–ның газ, су жеткізетін трубалар өндірісімен айналысқанына сегіз жылдың жүзі болды. Компания директорының орынбасары  Алексей Апасовтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жеңілдетілген несиелер түріндегі мемлекеттік көмек-қолдау мен  тапсырыстар кәсіпорынның өндіріс қарқынын еселеп, өндіріс орнын жаңғыртуға мүмкіндік беруде. Биыл серіктестік бірқатар ірі жобаларға қатысуда. Осы жобалар бойынша Қызылорда, Тараз қалаларын түрлі көлемдегі трубалармен қамтып отыр. Сонымен қатар Орал қаласындағы айналмалы кәріз құрылысын да өз өнімдерімен қамтитын болды. Шаған өзені арқылы өтетін кәріз құрылысы жобасының жалпы құны 1,6 миллиард теңгені құрайды.

«Қазір өндірістік цехтарда 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Олардың барлығы дерлік жоғары технологиялы құрал-жабдықта жұмыс істеу үшін арнайы оқу курстарында оқып, машықтанған. Биыл кәсіпорын 8 мың тонна полиэтиленді өңдеуді жоспарласа, биылғы бірінші жартыэылдықта бұл көрсеткіш 4,5 мың тоннаны құрады».- деді А.Апасов.

Нарықтағы сұраныстың жоғары болуы компания басшылығының өндіріс орнын жаңғыртуына мүмкіндік берді. Өткен жылы кәсіпорынның труба цехына жаңа германиялық  «Krausmaffei» желісі орнатылды. Жоғары технологиялы желіде 1600 мм-ге дейін трубалар өндіреді. Мұндай желі елімізде біреу, ал ТМД елдері бойынша барлығы үш желі жұмыс істейді. Компанияның барлық өнімдері сертификатталған. Қазақстанда полиэтилен трубаларын шығаратын 10 зауыт қана осындай өнім өндірушілердің мемлекеттік тіркеліміне тіркелген. Солардың бірі оралдық «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өз өнімдерімен елге танылған.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале