18.05.2015, 12:48
Оқылды: 39

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Janakala onerge arkimnin ak bar talasi   Жаңақала ауданында мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен «Әрбір бала-бір жұлдыз» фестиваль пати шоуы өтті. Аудандағы 7-17 жас аралығындағы талантты жұлдыздарды таныстыру, қолдау, елге көрсету, ел арасынан таланттарды табуды мақсат еткен шараны мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Ғазиза Бекжанқызы ашып, жыл бойы республикалық, облыстық, аудандық байқаулардан жүлделі оралған үздіктерді марапаттады.

   Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараға мектептен тыс жұмыс орталығының 9 филиалы, 40-тан астам үйірмеден өнерді серік еткен таланттар қатысып, өнерлерін жалпақ жұртқа паш етті. Бірі мың бұрала би билесе, бірі қалықтата ән салды, енді бірі жүректен шыққан жырын оқыды.

Шара соңында балалар «жұлдыз» кейпіне еніп,флешмоб биледі.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале