14.10.2016, 16:19
Оқылды: 35

Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

????????????????????????????????????

  Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемесіне он жыл толуына орай «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестивалі өтті.


         Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мүсәлімова қатысты.

         Шараға жиылған жұртшылық алдымен мәдени-демалыс орталығының фойесінде қойылған аталмыш мекемеде тәрбиеленіп жатырғандардың қолөнер туындыларын тамашалады.

         Әрі қарай шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Сахна төріне көтерілген Люция Жұбанышқалиева психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемесінің он жылдық мерей тойымен құттықтап, мекеме басшысына шағын сый-сияпатын табыстады.

         Мұнан соң мүмкіндігі шектеулі жандар әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, жиылған жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале