12.10.2016, 9:55
Оқылды: 27

Өнерлерімен сүйсінткен жандар

%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%81%d2%af%d0%b9%d1%81%d1%96%d0%bd%d1%82%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80   Жақында  аудандық  мәдениет үйінде ерекше  байқау өтті. «Өнерге әркімнің де бар таласы ...» дегендей,  былайғы кезде де  қолына домбыра ұстап,  ән салуға бейім тұратын хақымыздың арасында өнерлі жандар баршылық, бірақ бұл жолы  байқаудың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі жандардың өнерлерін ұштап, қолдап,талаптарын шыңдау еді.


 Байқауды  ұйымдастырушы  аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болса, әрбір қатысушыны  сахнада жүріп-тұруға, ән айтуға дайындауда   мәдениет бөлімінің қызметкерлері көп еңбек сіңірді. Шара алдында жоғарыда аталған бөлімнің  басшысы  Айбек Сұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға  сәттілік тіледі.

 «Бәрімізде бірдейміз, кемсітуді білмейміз!»  тақырыбында өткен бұл   байқауға  мүмкіндіктері  шектеулі жандар  Шыңғырлау селосы орталығынан  және ауылдық  округтерден  келіп қатысты. Біреулері  сахна төрінде  ән айтып, би билесе,  енді біреулері  өздері жасаған қолөнер бұйымдары мен  пісірген тағамдарын  қазылар талқысына төрелігіне ұсынды.

Әсіресе, шыңғырлаулық  Жұлдыз Қабиева   «Атамекен» әнімен  көпшілікті сүйсіндірсе,  Тәнзилә  Таужанованың, Қарақат  Сарниязованың  шырқаған әндері де өз тыңдарманын тауып жатты. Ал қолы бос уақытта ағаштан түйін түюді әдет қылған  Батырғали  Әбдіров шебер қолдан шыққан  дүниелерін  көрсетіп, неден, қалай жасалғанын түсіндіріп  берді. Байқау соңында  қазылар алқасы  қорытынды шығарып, нәтижесінде  «Үздік орындаушы» аталымында  бірінші орынды  Кенжебек Мұсағалиев, екінші орынды Жұлдыз Қабиеваға, ал үшінші орын-Берік Мұқановқа бұйырды.

Сонымен қатар,  өз өнерлерін ортаға  салған   сайыскерлердің барлығына да байқауда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттар берілді.  Қолөнер бұйымдары мен тағам түрлерін әзірлеген  Б.Әбдіров- І орын,  Т.Таужанова –ІІ орын,  Б.Ғұмарова - ІІІ орынды  канжығаларына байлап, қуанышты көңіл күймен  үйлеріне қайтты.

Осы байқауда жүлделі орын алған  Батырғали Әбдіров (қолөнер) және  Кенжебек Мұсағалиев  (вокал) қазылардың ұйғарымымен  Орал қаласында өтетін байқауда тағы да бақтарын сынап көрмек.

 Иә, біз де  барлық  байқауға қатысушыларға  талаптарың таудай болып, алға қойған мақсаттарыңа жетіп, көңілдерің құс боп шалқысын дейміз.

 А.Амангелдіқызы

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале