2.07.2015, 19:44
Оқылды: 24

Өнерліге өріс кең

Talant 2015   Шілденің екісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Астана күніне орай «Талант - 2015» фестивалі оздырылды. Оған қатысқан өнерпаз жасөспірімдер түрлі этно-мәдени орталық, бірлестік мүшелері екен. Фестивальді «Семей» сынақ ядролық полигоны» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Бақытжан Әлисұлтан, Екатерина Сумкина, Нұрымбет Қуаныш, Настя Сафина қазақша, орысша ән шырқаса, «Мирзоян» армян тобы тамаша би биледі. Думанды тамашалаған балалар ерекше көңіл-күймен өнерпаздарды демеп тұрды. Шара соңында қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Құрманалиева, «Азаматтық-Альянс» ассоциясының директоры Гамал Түзелбаев құттықтап сөз сөйлеп, белсене қатысқандарды марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале