6.11.2015, 14:13
Оқылды: 28

Өнерлі директор

Janibek onerli direktor   Жәнібек ауданындағы Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлібек Сүйінішевтің бойында әншілігімен бірге суретшілік, мүсіншілік те өнері бар.  Оқушы кезінен  сурет сабағын тәуір көретін ол жаңа жылдық плакаттар, сынып бұрышына сурет салумен айналысатын.

Есейе келе Әлібек ауданда өтетін қол өнер шеберлерінің байқауларына қатысып, түрлі бұйымдар жасауды қолға алды. Ауданның 90 жылдық мерейтойына арналған мүсіншілер байқауында  3-ші орынды иеленді. Осы кезге дейін Тау ауылындағы саябақты көркемдеу үшін ләйлек, тотықұс, елік, киік, түйе мүсінін дайындады. Бұл бұйымдарды жасауға қажетті материалдарды да алыстан іздемей, ағашты ойып, тастан қашап келтірді. Мұның бәрі оның өз ауылына  деген сүйіспеншіліктен бастау алды.

   www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале