2.11.2016, 11:44
Оқылды: 25

Өнерлі өрендер жеңісі

????????????????????????????????????

    Қазақстан Республикасының «Жеті өнер»  шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында  өткен республикалық «Дала дарыны» атты балалар байқауына Қаратөбе балалар саз мектебінен 8 оқушы қатысып, әр түрлі жанр бойынша жүлделі орындарды иеленді.


     Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған өнер додасында домбыра класының  оқушылары Райымбек Өтепов (оқытушысы Б.Шиғалиева) пен Айжарқын Қонарова (оқытушысы  О.Қайырлиева)  және «Дәстүрлі ән» пәнінің  оқушысы  Айнара Қазақбаева  (оқытушысы  Л.Ақкерей)  жүлделі   III орындарды иеленіп байқаудың лауреаттары атанды.

    «Көркем сөз»  аталымы бойынша  Аружан Орынбасарова (жетекшісі М.Байтемірова), домра-прима класының оқушылары  Дариға Мұратбекова мен Бұлбұл Ғабдиева (оқытушысы  С.Қайрлиева) жүлделі  II орындарды жеңіп алып, байқау лауреттары   атақтарына ие болды.

   Баян класының оқушылары  Айболат  Маратов аталмыш байқаудың жүлделі II орын лауреаты, Ислам Өтеғалиев (оқытушылары С.Өтениязов)  I орын лауреаты атанды. Байқау жеңімпазы Ислам Өтеғалиев Алматы қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.  Оқушыларды байқауға жоғары деңгейде дайындаған Қаратөбе балалар саз мектебінің оқытушылары «Жеті өнер» шығармашылық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

    Саз мектебінің 10 шәкірті қараша айының 2-4-і күндері аралығында  Алматы қаласында өтетін республикалық «Күншуақ» фестиваль байқауына өнерлерін паш етуге аттанды.

                                                                                Ерболат РАЙСОВ

                                                                                 Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале