15.06.2015, 17:43
Оқылды: 19

Өнерпаздар Махачкаладан оралды

 Karatobe Mahackala  Дағыстанның Махачкала қаласында 5-10 маусым аралығында өткен ІІІ Халықаралық «Каспий – берега дружбы» фестиваліне Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының жанындағы «Ауыл әуендері» фольклорлық ансамблі қатысып келді. 

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан әсем қала Махачкаладан оралған өнерпаздар фестивальдан алған ерекше әсерлерімен бөлісті. Фестивальға қатысушылармен Дағыстан мемлекетінің мәдениет министрі Зарема Бутаева кездесіп, шақыртуды қабыл алып достықты дәріптеген өнер фестиваліне қатысушыларға зор алғысын жеткізген.

Ұлттық өнеріміз бен дәстүрімізді насихаттап келген өнерпаздарымыз фестиваль аясында Махачкаланың Дербент, Карабудахкент аудандарында болып, өнер көрсеткен.

Түрлі ұлттардың өнерін насихаттауға арналған ауқымды шараны ұйымдастырушылар аудан әкімі Асхат Шахаровқа, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновқа, аудандық мәдениет үйінің директоры Римма Аубакироваға алғыс хат жолдап, сый-сияпаттарын ұсыныпты.

Бір айта кетерлігі, фестивальға қатысушыларды қаратөбелік өнерпаздардың қазақы үлгіде тігілген ұлттық киім өрнегі қызықтырыпты.

 www.zhaikpress.kz

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале