27.04.2016, 15:42
Оқылды: 14

Өнер көші – Қаратөбе төрінде

????????????????????????????????????

     Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және аталмыш ұжымның 50 жылдығына арналған «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты сазды бағдарламасы өнер өлкесі Қаратөбе өңірінде жалғасын тапты.


   Кеш шымылдығы облысымыздың даңқын биікке көтеріп жүрген «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің орындауында Мәменнің күйі «Ақжелеңмен» ашылды.

     Сал Мұхит туған киелі өлке сахнасы төрінде танымал өнер жұлдыздары Марат Сарбөпеев, Майра Хайдарова, Еркін Өтегенов, Күләш Қуанышқалиева, Айбар Хайырханов т.б қаратөбелік ағайынға әннен шашу шашып, үлкен қошеметке бөленді.

   «Назерке» би ансамблінің орындауындағы «Жайдары ойындары», «Достығымыз мәңгілік!» билері сахна шырайын ашты.

     Ал, жерлесіміз, танымал әнші-жыршы Фархат Оразов пен белгілі күйші Ақылбек Бектасов ұсынған туындыларға көрермен қошеметі ерекше болды.

    Филармония ұжымын мерейлі мерекемен құттықтаған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев аудан басшылығы атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

    Абыройы биік, айбыны асқақ филармония осы жылдар аралығында ұлттық өнерді насихаттау, рухани құндылықтарды арттыру мақсатында елімізден басқа шетелдерде де өнер сапарларында болып, зор табыстарға қол жеткізген өнер ұжымы боп саналады.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале