20.11.2015, 15:54
Оқылды: 22

Өнер қалсын ұрпаққа ....

Zelenov oner aldin  Дариян   ауылдық  мәдениет үйінде   аталмыш ұжымның «Елге тағзым» атты жылдық  есеп  беру  концерті   болып өтті.

Сахна шымылдығы Қазақ хандығының  550 жылдығына арналған   театрландырылған  көрініспен  түрілді.  Кешті   осыдан 20  жыл бұрын құрылған   «Азия» вокал  тобының әншілері  әрлендіре түскендігін  айта кеткен жөн.

Шашу шашылған шара  барысында ұлттық киімдегі  саз мектебінің бір топ ұстаздары    қобыз бен домбырада күй ойнап көрермендерді бір серпілтіп тастады. Өнерді дәріптеген бұл мерекеде  бір шаңырақ астындағы  достық пен татулықты  біріктіретін  этно-мәдени орталықтың  өнерпаздары да тамаша  әндерімен көпшіліктің көзайымына айналды деуге толық негіз бар.

Ал, облыстық, аудандық сайыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған халықтық «Дарьюшка» бишілер тобының өнерлеріне көрермен таңдай қағысты.Сондай -ақ, мәдениет үйінің  аспаптық ансамблінің   өнерпаздары, Володар, Озерный   ауылындағы  мәдениет үйінің, ауылдық клубтың   меңгерушілері де осы шара қасынан табылып өнерлерін паш етті.

Тағы да айта ктерлік бір жәйт аудандық мәслихат депутаты, Дариян ауылдық электр торабының бастығы    А.Дравица да өз  өнерімен бөлісті.

Кеш  соңында  сөз алған ауыл әкімі Б.Ерболатов бір топ өнерпаздарға алғыс хат табыстап ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

   Гүлжан     Аязбаева

Зеленов   ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале