6.06.2016, 15:59
Оқылды: 18

Өнер өкілі – Қаратөбе өңірінде

????????????????????????????????????

 Қаратөбе ауданына өнер сапарымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік степендия иегері Қажыбек Бекбосынов келді.

    Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні өнер өлкесіне қадам басқан танымал әнші Қ.Бекбосыновты аудан әкімі Асхат Шахаров қабылдады.


   Алдымен ол құтты өлке жұртшылығына ақ батасын жолдап, Рамазан айы мүбарак болсын! – деді Қ.Бекбосынов. Сапар мақсаты турасында сөз қозғаған Қазақтың Қатимолласы өнер өлкесіндегі дәстүрлі ән кешінің жоғары дәрежеде өтетіндігіне сенім білдірді.Жылы шырайлы кездесуде өнер, мәдениет саласы, дәстүрлі ән өнері мектебін дамыту төңірегінде келелі әңгіме өрбіді.

     - Ғарекең – қазақтың біртуар азаматы. Қайталанбас тұлға Ғарекеңмен әр қазақ мақтануы тиіс. Жезтаңдай әнші өнерін насихаттап жүрген сіздер секілді азаматтар барда иісі қазақ Ғарекеңді еш ұмытпайды, - деген аудан басшысы А.Шахаров қадірлі меймандарға «Қош келдіңіз!» айтты.

    Танымал өнер өкілімен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы, әнші-термеші Қатимолла Бердіғалиев, танымал әнші Майра Хайдарова бірге еріп жүрді. Аудан әкімінің қабылдауынан соң өнер өкілдері сал Мұхит туған құтты мекен Қарақамыс ауылына жол жүріп кетті.

www.zhaikpress.kz

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ
Ертай БИМҰХАНОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале