27.07.2015, 19:47
Оқылды: 25

Өрге басар өнерпаздар

Sirim tugan elim altin besik tygirim      Халық арасында көрінбей жүрген өнерлі жандарды жарыққа шығарып, шеберліктерін арттыру мақсатында «Туған елім, алтын бесік тұғырым» атты аудандық өнер-фестивалі басталды. Өткен сенбі күні Сырым саябағында Тоғанас, Алғабас және Қарағанды ауылының көркемөнерпаздары эстрада, хореография жанрларында, көркем сөз оқу және бейнелеу өнерлері бойынша сынға түсті.

Биылғы мерейлі тарихи белестер жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, ҚР Конституциясының 20, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің 80, жауынгер ақын Абдолла Жұмағалиевтің 100 жылдығына арналған тарихи белестер жылы екендігі фестиваль бағдарламасында кеңінен қамтылды. Сахнада «Сұлтандар кеңесінен» көрініс қойылып, жерлес ақынымыз, өлең сөздің өресін танытқан Қадыр Мырза Әлидің өлеңдеріне көпшілік құлақ түрді. Өзге ұлт татар, орыс халқының әндері шырқалып, «Айкөркем» бишілер тобы қазақ, ұйғыр сынды билерімен көпшілікке танылды. Жеке дауыста ән салған Нұрлан Төлеуішев, Әсел Қадыр, Элдар Науандар дауыс мәнерлерінің жоғары екендіктерін әнді орындау барысында өз шеберліктерін көрсете білді. Алдағы уақытта өнер додасында жарысқа түскен өнерпаздарға арнайы құрылған әділ қазылар алқасы бағасын беріп, талантты жандарды анықтайды. Аудандық өнер фестиваліне әр сенбі сайын ауыл округтерінің өнерпаздары бойларындағы өнерлерін халыққа көрсетпек.  22-нші тамызға дейін жалғасатын болады.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале