5.03.2016, 13:39
Оқылды: 32

«Өрлеу» – еңбекке ынталандырушы күш

Akjayik Orleu kanakkakti   Қазақстан халқының әл-аухаты Елбасының, Үкіметіміздің басты назарынан түскен емес. Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа Жолдауынан туындап отырған тапсырмаларды орындау бағытында әлеуметтік қорғауға қатысты көптеген бағдарлама өмірге келуде. «100 мектеп, 100 аурухана», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Өрлеу», т.с.с. бағдарламалардан жұртымыз жақсы хабардар.


Елбасының өткен жылғы қарашадағы Жолдауында өсім, реформалар мен даму басты орынға қойылғаны мәлім. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін жұмыспен қамтудың жаңа Жол картасын жасау және бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту тапсырды, 2016 жылға ауданымызда халықты әлеуметтік қорғау бағытына 386,2 млн.теңге қаржы қаралып отыр. Соның ішінде республикалық бюджеттен – 85,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 301,2 млн. теңге. Біздің салада қолданылып отырған жұмыспен қамту туралы заңға көптеген өзгеріс енгізіп отырғаны баршамызға мәлім. Бұл өзгерістер жұмыссыз тұрғындарға, соның ішінде жастарға жұмысқа орналасуына көп мүмкіншілік туғызып отыр.

 «Өрлеу» – отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт міндеттерін орындау арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы болып табылады. Осындай ақшалай көмекті енгізудегі мақсат азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға оларды ынталандыру болып табылады.

«Өрлеу» бағдарламасы халықты әлеуметтік қолдаудағы ерекше бағдарлама деп санауға болады, себебі біз бұрын атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларынан алған сол көмекті көмекті мақсатты түрде пайдалануын талап (мал алу, кәсіппен айналысу, т.б.) ете алмадық. Ал «Өрлеу» бойынша тағайындалған шартты ақшалай көмек нақты мақсатқа ғана беріліп, белсенді отбасыға ауысып және асыранды көңіл-күйді барынша азайтады.

2015 жылы маусым айында Ақжайық аудандық мәслихатының №28-5 шешімімен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына толықтырулар енгізілді (007 кіші бағдарламасы). «Өрлеу» бағдарламасы шартты ақшалай көмек түрімен толықтырылып, әділет органдарында тіркелгеннен кейін алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді. Осы қағиданы негізге ала отырып, тағайындау жұмыстары жүргізілді.

Былтырғы 1 шілдеден бастап «Өрлеу» бағдарламасына 15 отбасы – 71 адам қатысып, қазіргі таңда оның жемісін көріп отыр. Олар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерімен қамтылды. Тарқатып айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға және жастар тәжірибесіне, тұрақты жұмысқа орналасып, еңбектенуге мүмкіндік алды. Жергілікті бюджеттен 15 отбасына 2,8 миллион теңге мөлшерде шартты ақшалай көмек тағайындалып, төленді. Бұл көмектің орташа айлық мөлшері 6709,9 теңгені құрайды. Әр ай сайын ауылдық округ әкімдерінен бағдарламаға қатысушылардың мәліметтері жинақталып, есебі жүргізілді. Қазіргі уақытта 14 отбасы қосалқы шаруашылығына мал сатып алса (1 жылқы, 2 бас ірі-қара, 107 қой-ешкі), 1 отбасы кәсіпкер ретінде тіркеліп, шаштараз кәсібімен айналысуда.

Жалпы, бағдарлама бойынша 285-тен астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл салаға республикалық бюджеттен 13,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 10,0 млн. теңге бөлініп отыр.

www.zhaikpress.kz

Талғат ҚАЙРЕКЕЕВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале