17.06.2016, 12:38
Оқылды: 26

«Өрлеу» жобасы- адамдар игілігіне

orleu zhobasy   Шыңғырлау ауданы  әкімдігінде селолық округ әкімдері,  мемлекеттік мекемелер қызметкерлері,  аудандағы  әлеуметтік салаға қатысты басшылар мен мамандар қатысқан семинар өтті.

   Семинар жұмысын аудан әкімі Альберт Есалиев жүргізіп отырды. Шара  барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айбек Сұлтанов  халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын  жақсартуға арналған, мемлекет тарапынан көрсетілмек тағы бір қолдау- « Өрлеу» жобасының  мақсатын, шарттары мен қандай адамдарға тиесілі және қабылданатын құжаттар  туралы   түсіндіріп берді.


   Жоба негізінен, жұмыссыз, көп балалы, табысы аз отбасыларға үлкен көмек болары сөзсіз. Оған қатысушы отбасы немесе адам  берілген қаржыны  тиімді жұмсап, күн көріс деңгейін жоғарылатып, өз ісімен айналысуға немесе кәсіпкерлік ашуға міндетті болмақ. Жоба шартты ақшалай көмек алушы отбасының  белсенділігін арттырып, өз -өздерін жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруді мақсат етіп отыр.

www.zhaikpress.kz
А.Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале