18.05.2016, 12:27
Оқылды: 16

«Өрлеу» өркендеуге бастайды

????????????????????????????????????

   Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігнің бас маманы Айнұр Абдырахманова, Бүкіләлемдік банк кеңесшісі Кайни Манабаева Ақжайық ауданында болып, «Өрлеу» жобасына қатысушы отбасыларымен кездесті Тайпақ, Алмалы, Чапаев ауылдық округтерінде тұрғындармен, еңбеккерлермен дидарласқан оларға аталған жобаға байланысты сұрақтар аз болған жоқ. Барлық сауалға егжей-тегжей жауап қайтарылды.


   Елімізде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2014 жылғы 28 наурыздағы бұйрығымен және Дүниежүзілік банктің қолдауымен, отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісімшарты негізінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсету мақсатында «Өрлеу» пилоттық жобасы іске қосылғаны мәлім. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» атты 84-қадамы бұл жобаны одан әрі қанаттандырды.

   Ақжайық ауданында 2015 жылдың шілде айынан ШАК негізінде тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік колдайтын «қанатқақты» бағдарлама өз бастауын алып, жалғасын табуда. Былтырғы 1 шілдеден бастап «Өрлеу» бағдарламасына 15 отбасы – 71 адам қатысты (оларға жергілікті бюджеттен 2,8 миллион теңге мөлшерде ШАК тағайындалып, төленді). Қазіргі таңда олар оның жемісін көріп отыр. Мысалы, 2015 жылы Алғабас ауылының тұрғыны Маргарита Батырғалиева «Өрлеу» бағдарламасына қатысып, оның отағасы Шынтас Сисекешов шілде айынан бастап ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Қазан айында Алғабас орта мектебіне электрик жұмысына орналастырылды. Олар ШАК-ке 10 қой-ешкі сатып алса, қазіргі таңда түліктен төл қабылдауда.

    Немесе, мына мысал: Тайпақ ауылының тұрғыны көпбалалы Роза Жарылғасова кәсіпкер ретінде тіркеліп, шаштаразы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» ІІ бағдарламасы бойынша несие алып, кәсіпкерлігін ұлғайтуды жоспарлауда. Ал, 2016 жылдың І жартыжылдығында ауданда 28 отбасынан 145 адам қатысып, соның ішінде жұмысқа жарамды 39 жанның төртеуі тұрақты жұмысқа, 24-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 10-ы әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. 28 отбасының арасында тағайындалған 2,1 млн. теңге көмек ақшаға 72 бас қой-ешкі, 2 бас ірі қара, 1 бас құлын сатып алғандар бар. Мысалы, Алмалы ауылының тұрғыны көпбалалы Болат Малғасбаев әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының бірі еді. Аталмыш жобаға қатысты. Өзі ақылы қоғамдық жұмысқа, зайыбы Айнагүл «Талап» шаруа қожалығына әлеуметтік жұмыс орнына, ал қызы Аяулым мамандығы бойынша «Жастар тәжірибесіне» жолданып, төленген көмек ақшаға 23 бас қой-ешкі сатып алып, өсіруде.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале