14.04.2016, 12:10
Оқылды: 22

Өрт сөндіруші қызметкерлері арасында спорттық жарыс өтуде

uchenia    Бүгін облыстық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің ұйымдастыруымен облысымыздағы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері арасында спорттық жарыс өтуде. Оған 28 команда құрамында жүзден астам өрт сөндіруші қатысып жатыр. Қазір жарысқа қатысушылар шабуыл сатысымен оқу мұнарасының төртінші қабатына лезде шығып үлгеру сынағын орындап жатыр.


    Алда олар өрт сөндіру эстафетасы мен үш бунақты сатыны қолдану машығы бойынша сынға түседі.  Бұл сайыс апатты жағдайға дайындық барысында тастүйін боп, ширақ қимылдауға, өрт сөндіру, құтқару жұмыстарына кәсіби шеберліктерін арттыруға, тәжірибе алмасуға көмектеседі.

      – Былтырдан  бастап аудандардағы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерін де осы жарысқа қатыстыру үрдіске айналуда. Белсенді көзге түскендерден облыс атынан команда құралып, республикалық кезеңге аттанады. Біздің  облыстың өрт сөндірушілері өткен жылы Қазақстан чемпионатынан бірінші орын алды, – деді Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы №18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Ғани Нұрғалиев.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале