9.06.2015, 19:28
Оқылды: 25

Өрт сөндіру техникалары сынақтан өтті

001 061 (3)БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жеке құрам дайындау мақсатында Коминтерн шағын ауданы аумағында ауа кемесі көмегімен шартты өрт сөндірілді. 

Үш жылдан бері Батыс Қазақстан облысында өртену қаупі жоғары маусымда ҚР ІІМ ТЖК «Казавиаспас» МИ-8 ұшағы дала және орман өрттерін сөндіруге арналған құрылғы ВСУ5А (қосалқысымен) жұмыс жасайды. Арнайы осы мақсатқа Атырау қаласынан ҚР ІІМ ТЖК «Казавиаспас» МИ-8 ұшағының экипажы қоныс тебуде.

001 079 (3)Өткен жылдары орын алған табиғи өрттер, арнайы өрт сөндіру техникасы өте алмайтын жерлердегі тілсіз жау әуе кемесінің көмегімен ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде ВСУ5А құрылғысын қолдану үлкен аумақты қамтуы, уақытты үнемдеуі сияқты артықшылығын көрсетті.

Өрт сөндіру бөлімдері, басқарма аппараты қызметкері ұшақтың техникалық ерекшелегін, су құю құрылғысын және оның мүмкіндіктерін танып білді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД Өрт сөндіру және

апатты-құтқару жұмыстары қызметінің

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале