21.08.2015, 19:55
Оқылды: 29

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXII ашық жазғы чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Ort sondiru   Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXII ашық жазғы чемпионатының соңғы кезеңі 20 тамыз күні «Ақжайық» стадионында өтті. Соңғы кезең жауынгерлік қанат жаю спорт түрі бойынша болды . Бұл әрбір қатысушы жұмыстың реттелгені мен нәтижелігіне септігін тигізетін командалық ойын.

Жарыста қатысушылар өз дайындықтарын, жеңіске деген ұмытылыстарын көрсетті. Әйел адамдар командасы ер адамдар командасынан еш кем қалыспай, күштері мен кәсібилігін көрстеіп, ширақ қимылдарымен жауынгерлік қанат жаюдан өтіп, оның қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықтылды: бірінші орынды - Жамбыл облысының командасы, екінші орынды - Астана қаласының командасы, үшінші орынды –Оңтүстік Қазақстан облысының командасы иеленді.

Аталмыш спорт түрінен Батыс Қазақстан облысының ер адамдар командасы 28,04 көрсеткішімен Қазақстан Республикасының рекордын орнатып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы және үшінщі орынды Қызылорда облысының командалары иеленді.

Соңғы спорттық кезеңнен кейін «Ақжайық» стадионында марапаттау мен чемпионаттың жабылу салатанаты болып өтті. Іс-шарада Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Машанов, «Динамо» төрағасының бірінші орынбасары П.Ставкин, жарыстың бас демеушісі «ОралАгрорегмаш»АҚ вице-президенті Ж.Бердашев жарысқа қатысушыларды чемпионатқа қатысқаны, спорт мерекесі үшін алғыс сөздерін айтты.

Ер адамдар арасындағы қызу тартыс, әсерлі кезеңдер мен сайыстар нәтижесінде ұпай сандарының  айырмашылығымен бірінші жалпы командалық орынды Батыс Қазақстан облысының командасы, екнші орынды – Ақмола облысының, үшінші орынды – «Өрт сөндіруші» АҚ командалары қанжығаларына байлады.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале