7.09.2015, 22:56
Оқылды: 44

Өрт шалмауға өңірді, бермейді ешкім кепілік

 

A photograph made available on 06 August 2010 shows Wildfire burning a forest near the village of Golovanovo (270 km south-east of Moscow), Ryazan region, Russia, 05 August 2010. EPA/IGOR KHARITONOV +++(c) dpa - Bildfunk+++

Биыл жаңақалалықтарға табиғат тосын мінез танытпай қоймады. Үш ай жазда Жаңақала жеріне жаңбыр тамбай, Жер ананы шөлдетсе, бірі-өрт оқиғасы. Биылғы шіліңгір шілденің аптап ыстығында да, тамылжыған тамызда да, қоңыр салқын қыркүйекте де өрт оқиғасы орын алып, мазаны қашырды.

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан елішілік 11 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 6-уы қора жай, 3 автокөлік, 1 тұрғын үй, 1 үйілген шөп маясы болса, 10 дала өрті оқиғасы орын алып, аудан бойынша 1163 гектарды дала өрті шарпыған. Аудан бойынша дала өрті жағынан Пятимар ауылдық округі өзгелерден алда. Ағымдағы жылдың 30 мамырында осы округке тиесілі Жапақ, Арашайым елдімекендерін қызыл әтеш ауыздықтаса, 8 мамырда аталмыш округтің Байтал, Сағатерек, Бесоба қыстақтарында, 22 маусымда Борық, Көмек, Аққұс атырабы отқа оранған.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале