15.06.2015, 14:31
Оқылды: 23

Өрт қаупі өршіп тұр

Bokei0444     Күннің қызуының артуы, ауа райының құрғақшылығы өрт қаупін өршітіп тұр. Мамыр айында Бөкей ордасы ауданында үш өрт оқиғасы тіркелді. 13 мамырда сағат 24:00-де Орда ауылдық округінің Қауыс елді мекеніне келген ақжайықтық  А.Тілешевтің 1999 жылғы «Фольсваген-Шаран» маркалы автокөлігі отқа оранса, 24 мамыр күні кеште саралжындық С.Әжіғалиевтің 40 центнер шөбі, қора-жайы, 28 мамыр күні тапа-тал түсте Орда ауылдық округі Майлықуыс елді мекені тұрғыны А.Ибрашевтың жазғы сарайы, 2012 жылғы «УАЗ 390945» маркалы автокөлігі өртеніп кеткен. Орын алған оқиғалар бойынша құжаттар жинақталып, аудандық ішкі істер бөліміне жолданды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале