4.10.2016, 18:47
Оқылды: 28

Өрт қауіпсіздігін сақтау басты назарда!

brifihg-%d1%87%d1%81Биыл өткен жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлар салдарынан адам өлімі көбейген. Былтыр төтенше оқиғалардан төрт адам қаза тапса, биыл жеті адамның өмірі қиылған.


Бұл туралы бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз брифингінде облыстық төтенше жағдайлар басқармасының орынбасары Нұрлан Таубеков хабарлады. Сондай-ақ брифингке  өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мәрлен Сәрсенғалиев қатысып,  алдағы жылыту маусымына дайындалу және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы баяндады.

- Бүгінгі таңда  қалалық басқарма және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің күшімен және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен 9953 тұрғын үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде газ жабдықтарын, электр жылыту құралдарын, жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жадынамалар таратылды. Осы кезге дейін 1100 адамның қатысуымен 28 жиын өткізіліп, өрттің алдын алу мақсатында 84 дәріс оқылды. «Сити Центр» ойын-сауық орталығының басшыысымен бірлесіп өрт қауіпсіздігі тақырыбында бейнебаяндар көрсетілді. Сонымен қатар, төтеншеліктермен бірге сауда үйі әкімшілігімен «Қауіпсіздік әр үйге» акциясы өткізілді. Саяжай серіктестеріне, ПИК төрағаларына және Орал қаласы бойынша маршрут автобустарына қызмет көрсететін автокөлік кәсіпорындарына жадынамалар жолданды. Әлеуметтік бейімделмеген азаматтардың тұрғылықты жері бойынша 30 рейд ұйымдастырылды, - деді Нұрлан Сейдаханұлы. Сондай-ақ басқарма басшысы биылғы жылы өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан 7 адам мерт болғанын айтып, атқарылатын шаралардың басым бөлігі адам өмірін сақтап қалуға бағытталатын атап өтті.

 Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале