3.03.2016, 10:19
Оқылды: 30

Өскеменге жол тартпақ

?

   Ағымдағы жылдың 26-28 ақпан күндері аралығында БҚО Орал қаласында қол күресінен (армрестлинг) 1998 жылы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында облыстық жеке-командалық чемпионат болып өтті.


Жарысқа облыс аудандарынан 7 команда құрамында 200-ге тарта спортшы қатынасып, чемпионат нәтижесінде қыздар арасында 35 келі салмақ дәрежесінде Жібек Сағындық І орын, 45 келі салмқта Ақбота Сафиуллина ІІІ орын, Раушангүл Мергенова ІІ орын, 55 келі салмақта Лаура Болат ІІІ орын, 65 келі салмақта Нұрайна Мырзагереева ІІ орын, 75 келі салмақта Әсем Оңғарова І орын және ұлдар арасында 30 келі салмақта Дияс Октябрь ІІ орын, 35 келі салмақта Елдос Саламатов ІІІ орын, 40 келі салмақта Санжар Төлеуғалиев ІІІ орын, 45 келі салмақта Қуаныш Саламатов І орын, 55 келі салмақта Ғасырбек Төлеу ІІ орын, Руханият Ертайұлы І орын, 65 келі салмақта Бақдәулет Жолдығалиев ІІІ орын, 75 келі салмақта Сүйесін Құмаров І орын, +85 келі салмақта Фархат Қалиев ІІ орын алып, жалпы командалық есепте 120 ұпаймен аудан құрама командасы ІІ орынға табан тіреді. Жеңімпаз-жүлдегерлерге БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Айта кетерлігі - ағымдағы жылдың наурыз айының 15-18 күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында өтетін қол күресінен (армрестлинг) Қазақстан Республикасының чемпионатына Қаратөбе аудандық БЖСМ тәрбиеленушілері Қуаныш Саламатов, Руханият Ертайұлы, Сүйесін Құмаров, Фархат Қалиев жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале