26.09.2015, 16:43
Оқылды: 38

Өскеменде өткен театрлар фестивалінде батысқазақстандық театр бас жүлдені жеңіп алды

Oskemen teatri BKO  Өскемен қаласында ХХІІІ республикалық театрлар фестивалі мәреге жетті.

Аталмыш өнер додасына сараптамалық кеңестің шешімі бойынша іріктеліп алынған сегіз театр қатысты. Фестиваль биылғы жылдың айтулы оқиғаларына, соның ішінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды.

Фестиваль қорытындысында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Ұлы Жеңіс тақырыбы бойынша бас жүлдені иеленді. Батысқазақстандық театр өскемендік көрермендер мен қазылар алқасының назарына классик жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» шығармасы негізінде қойылған драманы (режиссері Мұқанғали Томанов) ұсынды.

Айта кетейік, батысқазақстандық театр бұдан бұрын 2012 жылы қазанда Қостанай қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалінде Мұқанғали Томанов сахналаған Григорий Гориннің «Атың өшсін, Герострат!» трагикомедиясын қойып, жеті бірдей жүлдені жеңіп алған болатын. Сондай-ақ биылғы маусым айында Керчь қаласында өткен «Боспорские агоны» халықаралық фестиваліне Қуандық Қасымов қойған «Троя аруларымен» қатысып, бас жүлдеге қоса «Ең үздік режиссура», «Ең үздік әйел бейнесі» аталымдарын да иеленіп оралған еді.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале