8.12.2015, 18:13
Оқылды: 46

«Өскен өлке тарихы» атты байқаудың қорытындысы жарияланды

Foto DAna01

        Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің мәжіліс залында «DANAkaz»  тарихи-танымдық журналының 2014 жылы Батыс Қазақстан өңіріне қатысты зерттеулер мен өлкетану материалдарына қозғау салу мақсатында тарихшылар мен өлкетанушылар және орта мектеп оқушылары арасында «Өскен өлке тарихы» атты жариялаған байқаудың қорытындысын жариялады.


   Шараны аталған мекеменің бас директоры, «DANAkaz» журналының ақылдасар алқасының төрағасы Жантас Сафуллин жүргізді. Ол Тәуелсіздік күні қарсаңында байқаудың қорытындылаудың мүмкіндігі туындағанын, «DANAkaz» журналының  биыл үш жыл толып отырғанын атап өтті.

       Жоғары дәрежеде шығуына бар күшін салып келе жатырған журналдың бас редакторы Қазбек Құттымұратұлы сөз кезегін жалғады. Ол байқау жарияланғаннан кейін журналдың қиын кезеңдері болғанын айтып, 2014 жыл бойы төрт-ақ рет шығып, келіп түскен мақалалар шығып үлгермегенін жеткізді.

       Келесі сөз кезегін байқауды ұйымдастырушы, түскен мақалаларды қарап шыққан сарапшы, өлкетанушы Айболат Құрымбаев жалғады. Ол байқауға қызығушылық танытқандар облысымыздың бұқар бетінде орналасқан аудандарымыздың тұрғындары екенін айта өтіп, тарихи деректерді салыстыра отырып, қызықты етіп жаза білген қатысушыларға алғысын жеткізді. Байқауға қатысқан оқушы, мұғалімдердің жұмысынан алты  адамның жұмысы таңдап алынып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Foto DAna

   Сонымен «Өскен өлке тарихы» байқауының жеңімпаздарымен таныс болыңыздар: 1. «Отыз бесінде атылған ару» (Нұрия Жекекқызы, жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, №1 ЖОББМ, Орал қаласы) 2. «Бір мешіттің тарихы» (Нұрсұлтан Ғатау, 11 сынып оқушысы, Талдыбұлақ орта мектебі Сырым ауданы) 3. «Сәкеннің Жымпитыға сапары» (Мұқат Арыстанов, жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектеп, Жымпиты ауылы) 4. «Алғашқы мұғалімдер съезі» (Қуанар Мұсағалиева, БҚМУ студенті, Орал) 5. «Мұхит ауылының жер-су атаулары», Аружан Қарашқызы, 8 сынып оқушысы, Саралжын ауылы, Қаратөбе ауданы) 6. «Шырайлы өлкем – Шыңғырлау» (Салтанат Абакова, Ақсуат ЖОББМ мұғалімі, Шыңғырлау ауданы).

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале