24.10.2016, 18:21
Оқылды: 21

Өтеміс Мырзағалиевті еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында Тасқала ауданы біріншілігі өтті

????????????????????????????????????

  Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің спорт залында аудандық мәдени-ойын сауық спорт клубының ұйымдастыруымен 2008-2011 жылдары аралығында ауданымыздың басшысы болған, спортты, мәдениетті дамытуда айрықша еңбек сіңірген, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен, ақжайықтың ардақты азаматы Өтеміс Мырзағалиевті еске алуға арналған волейболдан ерлер арасында Тасқала ауданы біріншілігі өтті.


         Шараның ашылу салтанатында  аудан әкімі міндетін атқарушы Л.Жұбанышқалиева мен мәслихат хатшысы С.Рахимов сөз сөйлеп, марқұмның өмір жолынан сыр шертіп, барлық қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

         Аталмыш сайысқа аудан әкімі аппараты, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп, Ақтау, Амангелді, Мереке, Қосшы, Оян ауылдық округтерінен келген командалар  бақ сынасты.

         Тартысты өткен ойынның  нәтижесінде I орынды Ақтау ауылдық округінің командасы еншілесе, ІІ орын Мереке ауылының ойыншыларына бұйырды. Ал, ІІІ орынға Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп командасы жайғасты.

         Оқ бойы озық шыққан командалар 20 мың, 15 мың, 10 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік байланыстырушы аталымына ие болған ойыншыларға да ақшалай сыйлық табысталды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале