12.06.2015, 17:38
Оқылды: 33

Өте маңызды мәселе

  100 kadam Елбасы  ұсынған  «Ұлт жоспары» -  100 қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы  мемлекет» атты  бес  институционалдық реформасы қазақстандық әр азаматты  бейжай қалдырмай, ойлантатын әрі  сөзден  іске  көшуге бағыттайтын мәселе деп білеміз. Және де  бұл дер  кезінде  жолға қойылып отырған  мәселе.

Кешегі заманда  мекеме, шаруашылық, кәсіпорын басшылығына немесе  белгілі бір деңгейдегі аумақтық бөліністі басқаруға сол  сатының төменнен  жоғары қарайғы әр сатысынан өтіп, тәжірибесі толысқан, ісі біліміне  сай  адам  іріктелетін.  Ал, бұл күнде   ешқандай жасыратыны жоқ, «Ол бәлен  университетті бітіген» дейді де,  тамыр-танысты, не  пара  берген  бозөкпені креслоға қонжита салады. Осы ретте  Елбасымыз «100 қадамдағы» бірінші реформада кәсіби мемлекеттік  аппарат  құру үшін қызметкерді бірден лауазымды орынға қонжита салмай, төменгі қызметтен көтерілген адамды тағайындау қажеттігін алға тартты.

Ал, реформаның  екінші  бағытында  кәсіпкерлікпен айналысуға  жағдай туғызатын, экономикалық өсімге  негіз болатын заң үстемдігін қамтамасыз  ету  мәселесін жолға қойды.

Қысқартып айтқанда, Елбасының «Ұлт жоспары - 100 қадамындағы» бес институционалдық реформаның қалған бағыттары да  ел  дамуы жолында бір-бірін толықтыра түсетін бағдар екенін анық сезінуге болады. Осының  бәрі  іс жүзіне асқан жағдайда дамыған 30 елдің  қатарынан біздің Қазақстан да  көрінеріне  сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Нұрболат  Аманғалиев

 Ақжайық селосы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале