23.11.2016, 17:55
Оқылды: 47

Өткенге баға берер архив

%d0%b0%d1%80%d1%85%d0%b8%d0%b2Өткен жолымыздың қандай да дерегін білгіміз келсе архив құжаттарына сүйенеміз. Өйткені ол деректер дәлдікке, нақтылыққа негізделеді. Соның нәтижесінде өткен тарихқа нақты баға бере аламыз. Архив сонымен қатар жеке азаматтардың да, заңды тұлғалардың да құжаттарын сақтайды. Бүгінгі күнде Қазталов ауданының архиві жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын уақтылы орындап келеді. Нәтижесінде архив қызметін пайдаланушылардың бұл мекемеге деген ризашылықтары шексіз.

Осыған орай 22 қараша күні Қазталов ауданының архивінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Қазталов ауданының архив директоры Назгүл Мұстафина,  - архивке 2016 жылы 254 сұраныс түскен. Солардың ішінде ТМД елдерінен де сұраныстар болған. Бүгінгі күнде 83 қор мемлекеттік есепке алынып отыр. Жалпы архивте 17130 сақтау бірлігіндегі құжаттар тұр,-деді.

Дөңгелек үстелге қатысқандар архивке қатысты түрлі сауалдар қойып, оған тиісті жауаптар алды.

Әсем Болат

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале