5.01.2016, 13:42
Оқылды: 33

Өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 22,2 млрд.теңгені құрады

Akim songisi04  2015 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 22,2 млрд.теңгені құрады. Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 0,7 млрд.теңге бөлінді.

    Медициналық жабдықпен қамтылу көрсеткіші 69%-дан 77-%-ға ұлғайды.

Дәрігерлер тапшылығы 56 маманды құрайды, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 46 маманға кем(2014 ж. – 102 маман).


2015 жылы облыс бойынша 87 жас маман жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 54 (немесе 62,1%) ауылдық жерлерге жіберілді.

Дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 10 мың адамға 25,2 құрайды (1564 адам), орта медициналық персонал – 90,1 (5693 адам).

Қызметтік тұрғын үймен 14 жас маман қамтамасыз етілсе, соның ішінде 9-ы ауылдық жерлерде, 5-і Орал қаласында.

 «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жалпы кісі өлімі бойынша, зардап шегу және уланудан өлу көрсеткіштері 5,6%-ға, туберкулезбен ауыру 6,8%, қатерлі ісік ауруларынан кісі өлімі 5,7% -ға,туберкулезден өлімі 15,8%-ға,бала өлімі 2,3%-ға азайып отыр.

  www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале