26.01.2016, 18:37
Оқылды: 27

Өткен жылы «Жаңақала-Несие» кредиттік несие серіктестігі 314 млн. 900 мың теңге несие беруді жүзеге асырды

 Janakala agrarlik kubokj  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 25 қаңтар күнгі №137 «Аграрлық секторға кредит беру мәселелері туралы» қаулысы болды. Бұл қаулы мемлекеттік қаржы қорын таратып, ауылшаруашылық өндірісін несиелендіру мақсатында алынған болатын.


Осы қаулы негізінде 2005 жылы 28 ақпан күні құрылтайшылардың жалпы жиналысы өтіп, жарғылық капиталы 16308 мың теңгені құрайтын «Жаңақала-несие» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

2006 жылдың 14 сәуірінде №341 санды кредиттік келісімшарт негізінде 63600 мың теңге көлемінде несие желісі ашылып, серіктестік бүгінге дейін жұмыс жасап келеді.

Жалпы аудан бойынша 500-ге тарта шаруа қожалығы есепке алынса, оның 95-і мен үш жауапкершілігі шектеулі серіктестігі несие серіктестігінің құрамына кіреді.

Аудандағы мал шаруаашылығын дамытуға бірден бір үлес қосып отырған мекеме 2015 жылдың 1 қаңтарында серіктестіктің жарғылық капиталының 81,12 пайызы игеріп, өндірістік көрсеткіштерімен облыстық серіктестіктер ішінде үздік атанып, облыс кубогын иеленген болатын. Өткен қой жылы «Жаңақала-Несие» кредиттік несие серіктестігі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 314 млн. 900 мың теңге несие беруді жүзеге асырды. Кредиттік серіктестік арқылы өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 88 млн. 200 мың теңге, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 67 млн.800 мың теңге, «Құлан» бағдарламасы бойынша 49 млн. 100 мың теңге және жарғылық капиталдан 11 млн.800 мың теңге қаржы несиеге берілген.

Ұйымдастыра білген ұтады. Әр істіңтетігін тауып, ынтамен жұмыс жасай білген «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі ЖШС Тимур Бегалиев бастаған ұжым облыс басшылары қойған талап үдесінен шығып,жыл қорытындысымен екінші мәрте үздіктер қатарынантабылып, алтынмен апталып, күміспен күптелген Үздіктер кубогы Жаңақала да  қалды.

-Мақсатымыз-мүше болып тіркелген ауылшаруашылық құрылымдарын несиелендіру арқылы олардың дамуына жағдай туғызу. Қол жеткізген биіктерге ұжымның ұйымшылдығы, мақсатты жұмыс істеуіміздің арқасында жетудеміз. Алдағы уақытта да ұжым осы мақсатта ұйымшылдық танытып, іскелікпен жұмыс жасай бермек. Бұған әрине материалдық мүмкіндіктер қажеттілігі туындайды. Осыған дейін әр жерде жалға алып жұмыс жасап келсек, жаңа жылда жаңа ғимарат сатып алдық ,-дейді Тимур Бегалиев.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале