15.02.2016, 10:06
Оқылды: 26

Өткен жылы «Өрлеу жобасы» бойынша әлеуметтік келісімшартпен 31 отбасы қамтылды

 Akjayik orleu  2015 жылдың 1 шілдесінен  БҚО бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасына  екі аудан (Ақжайық ауданы және Бөрлі ауданы) пилоттық режимде іске кірісті.

Жобаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету өлшемі күнкөріс деңгейінен 40%-дан 60%-ға өсірілуіне сәйкес, көрсетілетін көмек мөлшері де өседі.


2015 жылы «Өрлеу жобасы» бойынша  әлеуметтік келісімшартпен 31 отбасы, соның ішінде 135 адам қамтылды.

Ақжайық ауданы бойынша15 отбасы, 71 адам қамтылған. Оның ішінде 43 бала, 28 жұмысқа қабілетті ересек адамдар. Ал Бөрлі ауданы бойынша 16 отбасы, 64 адам қамтылған. Оның ішінде балалар саны-40, жұмысқа қабілетті ересектер саны-24 адам.

 Екі аудан бойынша еңбекке қабілетті  43 адам. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 36 адам қамтылды. Тұрақты жұмыс орнымен 15 адам орналасқан.

Шартты ақшалай көмек (ШАК) жергілікті бюджет есебінен 135 адамға 7,4 млн теңге көлемінде төленді. Екі аудан бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі 6543,5 теңгені құрап отыр.

Қағидаға сәйкес ШАК (шартты ақшалай көмек) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзіміне және ай сайын немесе бір рет өтініш берілгеннен 3 ай бұрын  төленеді.

Бұл  ақшалай көмек «Өрлеу» жобасының келісімінде көрсетілгендей  мал шаруашылығын дамыту,  атап айтқанда мал, құс сатып алуға, жеке меншіктегі өнімді өткізу, оны сатып алушыларға көлікпен жеткізу және т.б., мәселелер бойынша жұмсалуы шарт.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ұсынысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 2016 жылдың басынан бастап, облыстың қалған барлық аудандарында «Өрлеу» пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале