24.02.2016, 12:29
Оқылды: 24

Өткен жылы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды

Akimm6666   Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы облыс тұрғындары алдындағы есеп барысында дене шынықтыру саласына да тоқталып өтті.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны жыл сайын ұлғаюда екенін облыс әкімі атап өтті.


Облыс спортшылары спорт түрлері бойынша ресми халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия чемпионаттары, Әлем Кубогы кезеңдері) 39 медаль, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 381 медаль, республикалық және халықаралық турнирлерде 92 медаль ұтып алды.

2015 жылы Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында және сырым ауданының Жымпиты ауылында 160 көрермен орынды, Орал қаласы Зашаған кентінде 320 көрермен орынды 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

Орал қаласында жоғарғы спорт шеберлігі мектебі күрделі жөнделді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале