9.06.2015, 12:57
Оқылды: 67

Өтке ота жасалды

IMG_0574Аудандық орталық ауруханада облыстық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері Мәлік Өтеғұлов және ауданымыздың хирург дәрігерлер Сабыр Меңдешев, Тимур Еспентаев бір күнде 2 бірдей 50-55 жастағы азаматшалардың өт жолына ашық түрде ота жасады.

Облыстық клиникалық аурухананың хирург-дәрігері Мәлік Өтеғұловтан жергілікті хирургтер екі күндік шеберлік-сыныбы аясында ота жасау әдісін үйренді. Сонымен қатар келесі күні көршілес Қаратөбе ауданының 2 азаматына ота жасалды.

Мемлекетімізде медицина саласы күн санап дамып келеді. Мұндай бірлесіп ота жасау аудан хирургтарының біліктілігі мен тәжірибесін ұштай түсері сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

М.Мәлікқызы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале