6.06.2016, 22:06
Оқылды: 15

Өңірдегі жағдай тұрақты

Akim brifing Aktobe     Облыс басшысы Алтай Көлгінов көршілес Ақтөбе облысындағы лаңкестер жасаған қылмыстық әрекеттер жайында және  біздің өңірдегі қазіргі жағдай туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.


         -Көршілес аймақтағы келеңсіз жағдайлардың орын алғанын естіп-біліп жатқан шығарсыздар. Біздің өңірдегі жағдай бірқалыпты, тұрақты. Бүгін аудан әкімдерімен, құқық қорғау органдар басшыларымен бас қосып, тиісті сақтық іс-шараларын қабылдап, бірқатар тапсырмалар бердік. Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімшеге лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан жерлесіміздің денесін тума-туыстарымен бірге әуежайдан күтіп алып, туған жері Жәнібек ауданына аттандырдық. Өмірден өткен жерлесіміздің артында қалған төрт баласына, тума-туыстарына облыс басшылығы атынан барынша көмек қолын созатын боламыз. Белгіленген тәртіп бойынша марқұмның соңғы қызмет атқарған орнынан бес жылдық еңбекақысы да төленуі тиіс. Жағдайды жіті қадағалауда ұстаймыз, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

www.zhaikpress.kz

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале