8.09.2015, 12:37
Оқылды: 20

Өңірлік штабтың көшпелі отырысы

Akjayik onirlik shtabtin koshpeli otisi    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта Батыс Қазақстан облысы бойынша ана мен сәбидің және қан айналымы жүйелері ауруларынан адамдардың өлімін төмендету үшін шұғыл шараларды алу жөніндегі өңірлік штабтың көшпелі отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бахитияр Мәкен жүргізген отырысқа Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, штаб төрағасының орынбасары Қамидолла Ирменов, Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыров, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов, Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов, Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев, облыстық, аудандық тиісті сала басшылары, Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің әкімдері, ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушілері қатысты.

Осында 2015 жылдың 7 айында әлеуметтік елеулі аурулар бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл шаралары туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржамал Жұмағұлова, 2015 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша БҚО аудандары деңгейінде бала және нәресте өлім-жітімі жөніндегі индикаторларға қол жеткізудің барысы туралы аталған басқарманың бас маманы Клара Бекматова, Жәнібек аудандық орталық ауруханасы үлгісінде ауылдық жерде мамандарды бекіту бойынша тәжірибе алмасу туралы Жәнібек ауданының әкімі Мұрат Мұқаев баяндама жасады.

Көшпелі отырысты облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бахтияр Мәкен қорытындылады.

– Біз бүгінгі қаралып отырған мәселелер ең өзекті екенін білеміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бұл бағытта әр кез өткір пікірлерін білдіріп келеді. Ең бірінші кезекте балалардың, жасөспірімдердің, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің және егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайту қажет. 7 айдың қорытынды ведомствоаралық жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетті.

Б.Мәкен Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматованың көп жылғы жемісті қызметі үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале